Бәйгеде бақ пен бап сынайтындар анықталды
Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды. Нәтижесінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін құрамаға үш жылқыдан іріктеліп алынды. Осы құрама
әр қашықтық бойынша – Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарысы және Аламан бәйгеге шабады”,-деді бәйге федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.
Құнан бәйге:
І орын – Сұңқар атты тұлпар, шабандозы – Абзал Тұрғанбек.
II орын – Бақторы, шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш.
III орын – Сениорита есімді жылқы, шабандозы – Абзал Тұрмыс.
Топ бәйге:
I орын – Зымыран, шабандоз – Арнат Мұратхан.
II орын – Маймақ, шабандоз – Абзал Тұрмыс.
III орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.
Жорға жарыс қорытындысы:
I орын – Аквамарин, шабандоз – Евгений Чибисов.
II орын – Триумф, шабандоз – Әлия Тоқтасынова.
III орын – Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.
Аламан бәйге:
I орын – Виза есімді жүйрік, шабандоз – Алихан Бақытханұлы.
II орын – Күрең ат, шабандоз – Арнат Мұратхан.
III орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық бәйге федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамына көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, теңге ілу, асық ату, “JORYQ” және т.б. федерациялары кіреді.