Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Ел құрамасы сапында теңге ілетін үздіктер анықталды

Ел құрамасы сапында теңге ілетін үздіктер анықталды

Теңге ілуден ҚР ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қоррғайтын үш үздік спортшыны анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшыларымыз «Қос құлаш», «Бес белес», «Жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады.

Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
•⁠ ⁠«Бес белес» стилінен Бекнұр Серіков;
•⁠ ⁠«Жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай;
•⁠ ⁠«Қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров.

Shares