Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Елімізде Отбасы күніне арналған апталық өтуде

Елімізде Отбасы күніне арналған апталық өтуде

2-8 қыркүйек аралығында Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер», – деді Евгений Кочетов.

Shares