Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да 246,4 мың гектар алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды

СҚО-да 246,4 мың гектар алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды

Солтүстік Қазақстан облысының аграршылары 4,4 млн га алқапта өскен егінді жинауы тиіс, оның ішіндегі 3,3 млн га – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Бүгінгі таңда 246,4 мың га алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 17,7 ц/га өнімділікте 435,7 мың тонна өнім бастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, егін жинау науқанына шамамен 7,4 мың бірлік техника қатысатын болады. Аграршылар литріне 250 теңгеден арзандатылған отынмен қамтамасыз етілген.

“Жаңа астық қабылдауға арналған барлық элеватор 100% дайын. Бұл – 46 элеватор. Сыйымдылығы – 3,2 миллион тонна. Сондай-ақ, аграршыларда сыйымдылығы 3,7 млн тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар”, – деп атап өтті СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Shares