Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Маймыл шешегі: СҚО-да алдын алу шаралары күшейтілуде

Маймыл шешегі: СҚО-да алдын алу шаралары күшейтілуде

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында маймыл шешегі ауруы тіркелген жоқ. Алайда, бұл жайтқа қол сілтеуге болмайды. Індет өңірде тіркелмесе де, қазір аймаққа жеткізілуі мен таралуына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Маймыл шешегі – сирек кездесетін жұқпалы ауру, ол қызбамен, жалпы интоксикациямен және экзантеманың (қызарудың) пайда болуымен сипатталады.

2024 жылдың 14 тамызында ДДСҰ маймыл шешегінің өршуін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады. 2022 жылдың мамырында әлемде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы мен өршу жағдайлары тіркелгеннен бері 120-дан астам елде 99 мыңға жуық жағдайы тіркелді, оның ішінде 189 адам қайтыс болды.

2024 жылғы 26 тамызда Бас санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №8 қаулысы шықты.

«Бүгінгі таңда біздің облыста маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты (тіркеу жағдайлары, сондай-ақ әкелу жағдайлары тіркелген жоқ), бірақ әкелу қаупі жоғары болып қала береді. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін. Адамда ауру жоғары дене қызуымен, ұлғаюымен, бас айналуымен, дененің ауырсынуымен, әлсіздікпен, бөртпемен, құсумен сипатталады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге тән»,- деді СҚО ӨКҚ баспасөз алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Ауру күннен-күнге жайылып бара жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша Конго демакратиялық Республикасы, Бурунди, Кения, Руанда және Уганда да маймыл шешегі ауруының күрт өсуі байқалады. Сондай-ақ, маймыл шешегінің алғашқы жағдайлары Швецияда, Вьетнамда, Филиппинде тіркеліп отыр.

Маймыл шешегіндегі аурудың негізгі көзі – жабайы жануарлар: приматтар, кеміргіштер. Инфекция жұқтырған адамның қанымен немесе оның дене сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сондай-ақ ауру жануардың етін пайдаланған кезде жұғуы мүмкін.

Shares