Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО тумасы Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

СҚО тумасы Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Испанияда U20 арасында жастар чемпионатынан тағы қуанышты жаңалық жетті. СҚО тумасы Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Финалда біздің балуан әзірбайжандық спортшыны айқын басымдықпен жеңді. Жеңімпазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

“Ризабекті маңызды жеңісімен құттықтаймын. Келесі Олимпиадаға қатысуға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілеймін!”, – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желіде.

Shares