Атыраулық қыз 81 жастағы неміс миллиардеріне тұрмысқа шықты
Атыраулық 27 жастағы қыз 81 жастағы миллиардер Хорст-Дитер Эшке тұрмысқа шықты. Ол – “Вильгельмин” модельдік агенттігінің бұрынғы иесі және Дональд Трамптың отбасылық досы, деп хабарлайды QZ News тілшісі “NewTimes.kz” АА сілтеме жасап.
Тек ТМД-лық қалыңдықтың өмірі ел қызығарлықтай емес сияқты. Алина мен Хорст бірнеше жыл бұрын жұп жарастырған. Олардың қалай танысқандары құпия. Алинаның жақындарының айтуынша, неміс ұлтының өкілі ару қыз Венада магистратурада оқып жүргенде назар аударып, қызбен “дос болуды” сұраған. Бірнеше ай бұрын олар үйлену тойын жасады, содан кейін келіншек күйеуіне Марселина есімді қыз сыйлады. Эш өміріне қатысты БАҚ-қа сұхбат берген. Сонда тағдыр тоғыстырған жарының ауқатты отбасыдан шыққанын, сондықтан оған қаржы мүлде қызықты болмағанын айтқан.
Алайда, бұған дейін редакцияға Кузняткинаның алыс туыстары оның ата-анасы қарапайым киім дүкенінің иелері екенін хабарлаған. Золушканың үйлену тойы туралы материал шыққасын – бір аптадан кейін “КП” тілшілеріне белгісіз бір адап жазып, өзін отбасының досы ретінде таныстырған. SPB.KP.RU бұл тұлғаны желідегі мәліметтер базасы бойынша тексереді. Нәтижесінде бұл адамның Алинаның отбасына тікелей қатысы бар екені анықталған.
“Біріншіден, ол ешқашан ресейлік болған емес, ол – қазақстандық. Бірақ оның әкесі – орыс, ал анасы – дағыстан ұлтының өкілі. Әкесі “Мустанг” атты казиноның иесі болған. Бұл – елдегі алғашқы валюталық казино, онда айтарлықтай айналымдар тіркелген. Ал анасі – үй шаруасындағы әйел. Содан кейін олар балалар бизнесіне көшіп, киім дүкенін ашады. Ол оң жолға қойылмайды және олар барлық қаражатты қайырымдылыққа аударады. Анасы мен әкесі 25 жылдан бері жұмыс істемейді. Олар БАҚ-тан қашқақтайды, Алинаның әкесі үшін тіл қатудан тартыншақтанады. Барлығы одан қорқады. Сонымен қатар, кейбіреулер оған материалдық тұрғыда тәуелді”, – деді дереккөз.
Алайда, казино туралы ақпарат жалған болуы мүмкін. Отбасының кейбір туыстары бұл қауесеттерді шындыққа жанастырмайды.
“Шын мәнінде Алина қалай өмір сүреді?»
“Ол жақта мүлдем басқа өмір. Мүлдем басқа ережелер. Туыстары оны көптен бері көрмеген. Алина барлық досымен екі жыл бұрын қарым-қатынасын тоқтатты. Өзін қашықтықта ұстайды. Эштің айналасындағы құрбылары және достарымен араласады. Оған ресейлік баспасөзбен байланыс орнатуға және жалпы жаңалықтарға жауап беруге тыйым салынды. БАҚ-тағы әрбір сөз Эштің PR агенттігі арқылы келісіледі. Бұл тұрғыда арнайы топ құрылған, солар не және қалай айту керектігін бақылайды”, – дейді дереккөз.
Алина ата-анасына Эштен жүкті екенін дәл босанарының алдында ғана хабарлаған.