“Бес асық ойынын одан әрі дамытатын орталық ашқым келеді”: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Сәния Әскен өз жоспарларымен бөлісті
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы, бес асықтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Сәния Әскен облысқа оралды. Оны теміржол вокзалына жиылған достары мен туыстары құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Қозыбаев университетінің төртінші курс студенті Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз ұжым жалпы құны 2,5 млн теңге болатын сертификатты қанжығаға байлады.
“Мен жерлестерімнің қолдауын сезіндім, осылай қарсы алғандарына ризашылығымды білдіремін. Алтын медель алғаныма өте қуаныштымын. Жарысқа жақсы дайындалдым, бірнеше рет жаттығу жиындарында болдым. Менің жоспарымда бес асық ойынын дамытуға көмектесетін орталықтың ашылуы бар”, – деді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Сәния Әскен.