Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 14 қыркүйек күні Петропавлда “Петроворкаут – 2024” сайысы өтеді

14 қыркүйек күні Петропавлда “Петроворкаут – 2024” сайысы өтеді

14 қыркүйек күні облыс орталығында белтемірге тартылудан “Петроворкаут – 2024” жарысы өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жарыс төрт жас санаты бойынша өткізіледі: 18 жасқа дейін, 19-30 жас, 31-50 жас, 51 және одан жоғары. Бәсеке 15:00-де “Қарасай” стадионына қарама-қарсы орналасқан Street Workout алаңында басталады.

Қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 14 қыркүйекте сағат 11:00-де Ж.Жабаев көшесі, 173 мекенжайы бойынша орналасқан Байболов атындағы облыстық мамандандырылған БЖСМ өтеді. Анықтама телефоны: +77776144499.

 

 

Shares