Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да суару жүйелері өндірісі бастау алуы мүмкін

СҚО-да суару жүйелері өндірісі бастау алуы мүмкін

AKPLAS – ауыл шаруашылығы саласында суару жүйелерінің жетекші өндірушісі. Түркиялық компания Қазақстанмен мықтап байланыс орнатпақ. Шетелдік ұйым еліміздің бірнеше аймағында өз зауыттарын салады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесу барысында Akplas өкілдері Хусейн Акын мен Зубрейн Акын жобаның егжей-тегжейін талқылады.

«Мұндай кәсіпорындардың Қазақстан ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін маңызы зор. Суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру суды үнемдеу технологияларын кеңінен қолданумен тығыз байланысты, бұл су шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бізде су үнемдейтін жабдықтарды сатып алу үшін қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде фермерлер шығындарының 80%-на дейін субсидиялау есебінен. Біз өз тарапымыздан жобаны іске асыруға көмек көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Министр Ресеймен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысында AKPLAS зауыттарын салудың маңыздылығын атап өтті, бұл осы елге өнім жеткізуді ұлғайтуға ықпал етуі мүмкін.
Айта кетейік, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру жыл басынан бері олардың қолданылу алаңын 72 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы жерлердің жалпы ауданы 384 мың гектарды құрайды.

Shares