Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да қазақстандық өнімді өңдеу және Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылуда

СҚО-да қазақстандық өнімді өңдеу және Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылуда

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Серік Жұманғарин «Тайынша Май» ЖШС және «Мемolux» ЖШС танысты. Екі жоба да Қытайға экспортқа бағытталған. Олар шетелдік инвестордың қомақты қаржы құюымен жүзеге асты. Премьер-Министрдің орынбасары іскер жандармен кездесіп, алдағы әріптестік жайын талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті, Алашанькоу т/ж стансасында сақтау көлемі 100 мың тонналық бонд қоймасына иелік етеді. Кәсіпорынның Сианда (ҚХР) 1 мыңнан астам дүкені бар және қазақстандық кондитерлік өнімдер, сыра, балмұздақ және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттаумен айналысады. Корпорация Сианьда логистика және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу паркін салды. Таяу болашаққа арналған жоспарда – қазақстандық өнімді Қытайға жеткізу үшін СҚО-да ұқсас кәсіпорын құру бар.

«Біздің астық ұнтақтау технологиямыз ең озық технологияның бірі саналады. Біз ұнды өте төмен температурада 15 рет тартамыз, бұл оның барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Қытайдың «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті Цзя Хэй.

Кәсіпорынның Солтүстік Қазақстанда логистикалық орталық салу жоспарын ескере отырып, Серік Жұманғарин Қытайға жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің өнімдерін біріктіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Цзя Хэй бұл ұсынысты қолдап, СҚО-да қайта өңдеу және логистика орталығын құру арқылы Қытайға өнім экспорттайтын Қазақстандағы ең ірі компания болуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Shares