Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте көтерілді
Қазақстан цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы позицияларын нығайтуда. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, ел электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, өткен есеппен салыстырғанда өз позициясын 4 сатыға жақсартты. Айта кету керек, бұл Қазақстанның БҰҰ рейтингіне қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бұл біздің цифрландырудағы және тиімді мемлекеттік басқаруға қол жеткізудегі жетістіктерімізді көрсететін маңызды көрсеткіш. БҰҰ рейтингі екі жылда бір рет жасалады және ол 193 елді бағалап, электронды қызметтердің дамуы, адам капиталы мен телекоммуникациялық инфрақұрылым сияқты негізгі аспектілерді ескереді. Бұл жетістік — бірлескен жұмыстың нәтижесі, және біз өз қызметтерімізді әрбір қазақстандық үшін қолжетімді, қауіпсіз және инновациялық ету үшін жұмысты жалғастыра береміз!», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орынға ие болып, әлемдік рейтинг көшбасшылары – Оңтүстік Корея, Дания және Эстониямен қатар тұр. ТМД елдері арасында көшбасшы. Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшылығын жалғастырып, Ресей Федерациясынан, Армениядан, Өзбекстаннан және Әзербайжаннан озып тұр.