Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған қызына анасы пышақ салды 

СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған қызына анасы пышақ салды 

Уәлиханов ауданында кәмелетке толмаған қызды өз анасы пышақтап тастады, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Жаға ұстатарлық жайт жайлы Instagram парақшасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жазды.

“Қыз аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жіберілді. Жағдайы ауыр. Қылмыстық іс тіркелді. Комиссия құрылып, сараптамалар жүргізілуде. Бұл іс СҚО өңірлік уәкілдің жеке бақылауында”, – деп жазды Динара Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл – Сәуле Сұрағанова. Жауапты тұлға әлеуметтік желілерде хабарлағандай, анасы қызының жамбас буыны аумағына үй тапсырмасын орындамағаны және үй дәптерін тиісінше жүргізбегені үшін пышақ сұғып, жарақат салған.

“Тергеу аясында жасалған қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті комиссия құрылып, отбасыға барды, оқиға орнын көрді. Зардап шеккен қыздың ата-анасы 6 бала тәрбиелеп отыр, атасы және әжесімен бірге тұрады. Бұл жағдай менің жеке бақылауымда”, – деп жазды Сәуле Сұрағанова.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаменті осы уақытқа дейін елең етерлік жайт жайлы түсініктеме берген жоқ.

Shares