Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Диснейлендтің баламасы: Астанада «Жібек жолы» ойын-сауық кешені пайда болады

Диснейлендтің баламасы: Астанада «Жібек жолы» ойын-сауық кешені пайда болады

Астана қаласы әкімдігінің «Astana Invest» кеңсесінде Басқарма Төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныштың «ULKENBAY» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Кездесуде Астанада Шанхай қаласында жұмыс істеп тұрған Диснейлендке ұқсас аттракциондар паркін салу жөніндегі жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын бұл ойын-сауық кешені болашақта Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады.

“Инвесторлар жобаның жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхай қаласында Диснейленд жобасын жасаған жобалаушыларды тартуға ниетті екендерін білдірді. Бұл парктің негізгі идеясы – балалардың ойын формалары арқылы екі елдің мәдени байлығы мен алуан түрлілігін үйреніп, сезіне алатындай кеңістікті құру”, – делінген Астана архитектурасының Instagram парақшасында.

Кездесу барысында тараптар жобаны іске асыруға байланысты бірқатар негізгі мәселелерді: құрылыс мерзімдерін, қаржыландыру көздерін және жергілікті билікпен ынтымақтастық жайын талқылады.

Сонымен қатар, Орынбек Қуаныш өңір үшін маңызды осы жобаны табысты іске асыру үшін тартылуы мүмкін мемлекеттік қолдау тетіктеріне де атап өтті.

Shares