Қазақстанда жұмыртқа қымбаттауда
Қазақстанда жұмыртқа бағасы бар-жоғы бір аптада 1,9%-ға өсті. Айдың басынан бері өсім – 5,8%, ал бір жыл ішінде бірден 11,6% құрады, деп хабарлайды QZ News тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жылдық бөліністе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) соңғы аптадағы сияқты орташа бағада өзгерген жоқ. Алайда мұндай жағдай барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша байқалмайды. Мысалы, бірінші санаттағы жұмыртқа бәрін таң қалдырды. Соңғы аптада, яғни 17-24 қыркүйек аралығында ол 1,9%-ға қымбаттады.
Ай басынан бері оның бағасы 5,8%-ға өсті. Ал жылдық бөліністе жұмыртқа ӘМАТ арасында ең үлкен өсімді көрсетті – бірден 11,6%. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз тауық жұмыртқасын бағасының өсуі туралы айтқан болатынбыз. Түсіну үшін: тамыздың соңында жұмыртқаның орташа құны 2023 жылдағыдан 8,6%-ға жоғары болды. Қыркүйектің аяғына қарай бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы Ақтөбеде бір жыл ішінде айтарлықтай өсті (+24,2%).
Одан кейін Ақтау (+22,7%) келеді, ал Павлодар антилидерлерінің үштігін (+22,2%) тұйықтайды. Қонаев қаласында ең аз өсім (+0,7%) байқалады. Алматыда жұмыртқа бағасы бір жылда 14,9%, ал Астанада 6,4%-ға өсті. Орташа бағаға келетін болсақ, бірінші санаттағы ең қымбат жұмыртқаның он данасы (С1) елордада орта есеппен 611 сатылады. Алматыда оның орташа құны – 586 теңге, ал Шымкентте – 521 теңге. Ең төмен баға Таразда тіркелген – он данасы үшін орташа есеппен 451 теңге. Бұл ретте, қарқынды өсуге қарамастан, ағымдағы бағалар 2024 жылдың басында тіркелгеннен орташа алғанда 3,4%-ға төмен.
Айта кету керек, аталған орташа бағалар «төбеден» алынбаған – ол бірінші санаттағы жұмыртқаның дүкендерден сатып алу кезінде тіркелген. Алайда бұл қазақстандықтардың сарапшылар анықтағаннан төмен немесе жоғары болатын бағалармен бәрібір бетпе-бет келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.