Теміртауда ер адам зергерлік бұйымдар үшін 82 жастағы әжені ұрды
39 жастағы тәртіпсіз тұрғын зейнеткердің пәтеріне тонау мақсатында кірген, деп хабарлайды QZ News тілшісі «NewTimes.kz» АА сілтеме жасай отырып.
Көп ұзамай қалалық ПБ және криминалдық полиция қызметкерлері шабуылға күдікті адамды ұстады.
“Қылмыс қаскүнем тонау мақсатымен кірген зейнеткердің пәтерінде жасалды. Ол қарт әйелге дене жарақатын салды, содан кейін зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен”, – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қарт әйел медициналық көмек сұрады. Ұсталған адам өз әрекетін мойындады. Одан қылмысқа қатыстылығын растайтын заттай дәлелдемелер табылды. Осыдан соң қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.