Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар ғасырлар тоғысында» атты көрме ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар ғасырлар тоғысында» атты көрме ашылды

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығына және “Отырар” мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы” РМҚК-ның 45 жылдығына орай Петропавлда “Отырар ғасырлар тоғысында” атты жылжымалы көрме ашылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Отырар ғасырлар тоғысында» көрмесі келуші көрермендерге ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда және мәдени орталық болған Отырар өңірінің бай тарихы мен мәдениеті туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Көрмеде Отырар алқабының тұрғылықты халықтарының өмірі, салт-дәстүрі мен сенімі туралы баяндайтын археологиялық экспонаттар ұсынылған.

Көрмеге келушілер экспонаттармен ғана емес, кейбір маңызды құжаттармен, фотоматериалдармен және тарихи-мәдени мұрамен, сәулет, білім, өнер салаларындағы жетістіктермен, жалпы орта ғасырлық қала тарихымен тереңірек таныса алады.

Көрме 4 қарашаға дейін жалғасады.

Shares