Айдарбек Сапаров жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті
Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров “Бетеге-У” элеваторының жұмысымен танысты, мұнда бидай қабылдау үздіксіз жүргізілуде, кезек жоқ, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сондай-ақ, ведомство басшысы “Митронин” және “Чистовский”ЖШС-де болды. “Митронин” шаруашылығы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен айналысады, ағымдағы жылы бидай, майлы дақылдар, рапс жақсы өнім алды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 40 ц/га, майлы дақылдар – 20 ц/га құрады. “Чистовский” шаруашылығында дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 20 ц/га құрады.
Егін жинау барысымен танысқан Айдарбек Сапаров жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Фермерлер егін егу және егін жинау жұмыстары барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға қатысты мәселелерді айтты.
ҚР АШМ басшысы фермерлерді егінді сақтау және оның сапалы сақталуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салуға шақырды. ЖАО-ға ауыл шаруашылығы өндірушілерімен өзара іс-қимылды күшейту және туындайтын мәселелерді жедел шешу тапсырылды.