Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да қазан айының бірінші онкүндігінің соңына қарай дәнді дақылдардың 93,3% жиналды

СҚО-да қазан айының бірінші онкүндігінің соңына қарай дәнді дақылдардың 93,3% жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Қазірдің өзінде 3091,2 мың га немесе 93,3% дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. 18 ц/га өнімділікте 5564,2 мың тонна бастырылды. Бір жыл бұрын өнімділік гектарына 10,5 центнерді құрап, астықтың 97,4% жиналған болатын. Майлы дақылдарды жинау да белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда 232,6 мың га алқапта немесе 34,5% жиналды, 11,7 ц/га өнімділікпен 272,4 мың тонна бастырылды», – делінген бейінді басқарманың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, аймақтың барлық фермерлері 4,4 млн. га алқапта егін жинауы керек. Оның 3,3 млн га – дәнді және бұршақты дақылдар. Бейінді ведомствода атап өткендей, бірқатар шаруашылықтарда астық жинау науқаны аяқталды. Көпшілігі жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Мысалы, дәнді және бұршақты дақылдардың орташа түсімі Тимирязев ауданындағы «Baiterek SK» ЖШС-да гектарына 30,1 центнерді, Аққайың ауданындағы «Симаргл» ЖШС-да гектарына 39,2 центнерді, Мамлют ауданындағы «Руслан» ШҚ-да гектарына 40 центнерді құрады. Ал Айыртау ауданындағы «Шаңғал» ЖШС-де дәнді және бұршақты дақылдардың орташа түсімі 50 ц/га жетті.

“Орақ барысында астық қабылдау орындарына 1152,2 мың тонна дақыл, оның ішінде 855 мың тонна бидай түсті. Оның ішінде жұмсақ бидай – 809 мың тонна. Оның ішінде 3 сыныпты бидай – 331,5 мың тонна (41%), 4 сыныпты бидай – 377,3 мың тонна (46,6%), 5 сыныпты бидай – 41,2 мың тонна (5,1%) және сыныпты емес бидай – 58,9 мың тонна (7,3%). Арпа 152,9 мың тонна, өзге дақылдардан 144,2 мың тонна түсті”, – делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Shares