Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » «СК Вагулинское» ЖШС астық жинау науқанын аяқтап қалды

«СК Вагулинское» ЖШС астық жинау науқанын аяқтап қалды

Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов «СК Вагулинское» ЖШС-да егін жинау жұмыстарының барысын тексерді. Агроқұрылым аумағында дәнді дақылдардың орташа түсімі – гектарына 35 ц, ал майлы дақылдар гектарына 14 ц жетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Шаруашылық астық жинау жұмыстарын 90%-ға аяқтады. 21 техника жұмылдырылды, шаруашылық аумағында 85% -ға толған кептіргіш пен қойма бар. Жалпы аудан бойынша 146 мың гектардағы дәнді дақылдар, 16 мың гектардағы майлы дақылдар, 1,3 мың гектардағы көкөніс пен картоп жиналды. Бүгінгі таңда аудан бойынша орташа астық түсімі – гектарына 20 ц, ал майлы дақылдар гектарына 13 ц құрайды”, – деп жазды Сақтаған Сәдуақасов Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.

Қызылжар ауданының басшысы атап өткендей, «Вагулинское СК» ЖШС-де алдағы жылға тұқым дайындау жұмысы да аяқталып қалды.

Shares