Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да грек-рим күресінен 88 жасөспірімнің басын қосқан чемпионат өтуде

СҚО-да грек-рим күресінен 88 жасөспірімнің басын қосқан чемпионат өтуде

Петропавлда 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтуде. Жарысқа бес ауданнан келген спортшылар, сондай-ақ облыс орталығында орналасқан спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Чемпионат екі күндік, оған 88 спортшы қатысуда. 8 қазанда алдын ала кездесулер, 1/4, 1/2 финал және жұбаныш белдесулері өтті. 9 күні 3-ші және 5-ші орындар үшін және финалдық кездесулер өткіземіз. Петропавлдағы чемпионатқа Ақжар, Мамлют, Есіл, Қызылжар аудандарынан және М.Жұмабаев ауданынан спортшылар келді”, – деді жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен облыс чемпионының төрешісі Марат Утенов.

12 жастағы Әсет Алтынбек грек-рим күресімен екі жылдан бері айналысып келеді. Талапты жас чемпионатқа жеңіс үшін келді.

“Бірінші кездесуде жеңіске жеттім. Қарсылас мықты екен, қиын болды. Менің көңіл-күйім жақсы, бірінші орынға үміттенемін”, – деді Әсет Алтынбек.

Чемпионаттың жеңімпаздарына грамоталар мен медальдар тапсырылады.

Shares