Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы
Қыркүйек айында ауа температурасы жиі құбылады, жауын-шашын болады және екпінді жел соғады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Қазгидромет» СҚОФ синоптиктері ұсынған дерекке сүйенсек, бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы болады, ал күндіз 13-18 градус жылы болмақ. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде – 8-13, күндіз 18-23 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Екінші онкүндіктің басында түнде – 8-13, ал күндіз 18-23 градусқа дейін жылы болады.
Айдың аяғында температура төмендейді: түнде – 3-8 жылы, күндіз – 13-18 жылы.
Ай ішінде жиі жауын-шашын болады, тұман түседі, 15-20 м/с дейін жел күтіледі.