Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ботаникалық бақта «Банан пальмасы» жеміс береді

Ботаникалық бақта «Банан пальмасы» жеміс береді

Банан тұқымдасына жататын (Musaceae) ағашы Петропавл ботаникалық бағында сенімді түрде жеміс береді. Ағаштың төменгі жағында гүл өсіндісі бар. Әр гүл шоғырының астында болашақ жеміс пайда болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бананға алғаш рет Musa деген атауды неміс табиғаттанушысы Георг Рамф берді. Кейін бұл атау ғылыми атауға ие болды. Бұл сөздің қайдан шыққаны туралы екі теория бар. Алайда, оның екеуі де музалармен байланысты емес. Бірінші теория бойынша бұл атау Рим императоры Октавиан Августтың сарай дәрігері Антони Музаның құрметіне берілген.

Екінші теория бойынша бұл атау арабтар бананды атайтын «муз» сөзінен шыққан. Ал банан сөзінің өзіндік тарихы бар. «Банан» сөзін португалдар немесе испандар 1590-1600 жылдары Батыс Африка тілдерінен алған. Бананды «банан пальмасы» деп атайды. Бұл дұрыс емес, өйткені ол пальмалар тұқымдасына жатпайды.

 

Shares