Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да «Үміт» клубының спортшылары әлемдік жарыстарға дайындалуда

СҚО-да «Үміт» клубының спортшылары әлемдік жарыстарға дайындалуда

Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бүгінде біздің облыста 2 мыңға жуық ерекше спортшы спорттың бірнеше түрімен шұғылданады. Олар аудандар мен облыс орталығында жаттығады. 2013 жылдан бері Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубы жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Қазір бізде тірек-қимыл аппаратының түрлі аурулары бар, көру және есту қабілеті бұзылған 250-ге жуық спортшы жаттығады, аутизм және Даун синдромы бар балалар да қатарымызда. Біздің спортшылар түрлі мекемелердің базасында жаттығады”, – деді “Үміт” мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы басшысының орынбасары Ардақ Оразбекова.

«Үміт» спорт клубы кәсіби спортшыларды дайындайды және әуесқойларға көмек қолын созады.

“Ерекше спортшылар үшін спортпен айналысу өте маңызды деп санаймын. Бұл олардың өміріне әсер етеді. Сабаққа арбада отыратын, сал ауруына шалдыққан қыз келді. Дене шынықтыру дайындығы оған кәдімгі өмірде жеңіл қозғалуға, жол жиектері мен жолсыз жерлерді еңсеруге көмектесті”, – деді “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының пара биатлоннан және пара шаңғыдан жаттықтырушысы Антон Жданович.

«Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған клубының жаттықтырушылары мен басшылығы есімдері мен жетістіктері Қазақстанды шет елдерде танымал еткен мықты кәсіби спортшыларымен мақтанады.

“2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бір жарым жыл қалды. Бізде үш негізгі пара биотлоншы бар: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев. Материалдық-техникалық база, жаттығу орындары біртіндеп жақсаруда. Спортта жоғары жетістіктер осыларға тікелей байланысты”, – дейді “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының пара биатлон және пара шаңғыдан жаттықтырушысы Аслан Тоқбаев.

«Үміт» спорт клубында мықты спортшылардың жаңа буыны дайындалуда. Тайынша ауданының тумасы Владислав Кобаль солардың бірі.

“Өзімді спорттың бірнеше түрінде сынап көрдім, бірақ шаңғы тебу ұнады. Спортқа ата-анам әкелді, жаттықтырушылар көмектесті. Олардан спорт интернатына түсуге болатынын білдім. Үш жылдық жаттығу өз жемісін беріп жатыр. ҚР чемпионатында жасөспірімдер арасында абсолюттік көрсеткішке ие болды. Жазда Германияға жаттығу жиындарына бардым”, – деді “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшылары Владислав Кобаль.

Қазір «Үміт» клубының спортшылары 2024 жылдың желтоқсанында Финляндияда өтетін әлем кубогына, пара биатлоннан Словенияда өтетін және пара шаңғы жарысынан Италияда өтетін біріншілікке белсенді дайындалуда. Соңғы екі жарыс 2025 жылы өтеді.

Shares