«Қызылжар СУ» ЖШС: «Сумен қамтамасыз ету саласындағы сапаны арттыру жұмыстары жалпы су ресурстары жағдайын біржақты етеді»
Олқылықтың орнын толтыру үшін ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында осылай деді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу. Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет, деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Су –ел үшін маңызды ресурстардың бірі. Енді күллі жұмыс нормативтік база бойынша еліміздің су ресурстарын пайдалануға бағытталатын болады. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстардың барлық жүйесі қарастырылады. Тиісті жұмыспен көптеген құрылым қамтылады. Жаңадан су шаруашылығы министрлігі құрылады. Бұл бізге үлкен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сумен қамтамасыз ету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар негізінен су ресурстарына қатысты жағдайды шешеді», – дейді «Қызылжар СУ» ЖШС бас инженері Ербол Нәбиев.