Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да трактор жүргізушілеріне заңсыз құжат берілген

СҚО-да трактор жүргізушілеріне заңсыз құжат берілген

Естімеген елде көп! СҚО прокурорлары ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәліктер беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ғ.Мүсірепов ауданының Ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы аудандық соттың 22.08.2023 жылғы қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған «Б» есімді азаматқа «Жол қозғалысы туралы» Заңның талаптарына қайшы түрде ағымдағы жылдың сәуір айында тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.

“Осыған ұқсас бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған іске қатысты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген 2 тракторист-машинист куәліктері уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды”,- делінген хабарламада.

Бүгінде қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Shares