Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда төрт күндік «Бекет-2023» оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Петропавлда төрт күндік «Бекет-2023» оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Облыс орталығында 4-7 қыркүйек аралығында дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша «Бекет-2023» кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, шараның мақсаты – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Шара әртүрлі күрделілігі бар жағдайлармен күресуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

 

Shares