Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалында ұзын-сонар кезек

Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалында ұзын-сонар кезек

Күнделікті ұзын-сонар кезек, кезектегі жандарға жасалмаған жағдай мен тұрғындарды көшеде күтуге мәжбүр ететін шағын мекеме. Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалында мұндай жағдай жыл сайын қайталанады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бір ғана анализдерді тапсыру үшін адамдар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Петропавлдықтар жылдағы жағдай осы екендігін алға тартты. Ағайын өз пікірлерімен бөлісті:

«Ауруханада жатып ем алу үшін бізді алдымен осында жіберді. Біз – зейнеткерміз, келіп тексерілу үшін бір сағаттан астам күттік. Мамыр айы болса жарайды, толық тәртіпсіздік, суықта далада тұрмыз. Ешқандай жағдай жасалмайды. Жыл өтсе де ештеңе өзгермейді».

«Біз суықта да, жаңбырда да далада тұрамыз. Бұл мекеме мұнша көп адам ағынын күнделікті қабылдауға арналмаған деп есептеймін. Біз жылына 2 рет анализ тапсырамыз. Ештеңе өзгермейді».

Ведомства болса жақын арада жағдай дұрысталатынын алға тартуда

 

Shares