Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысында қандай жобаларды жүзеге асыруға болатындығын айтты

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысында қандай жобаларды жүзеге асыруға болатындығын айтты

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен және басқарма басшыларымен кездесті. Азамат қордың жұмысы және өңірде қандай жобаларды жүзеге асыруға болатындығы туралы баяндады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қордан көмек алу үшін тек идеяны ойлап табу жеткіліксіз, оны жүзеге асырудың нақты жоспары қажет. Біз осыған дейін жазған білім саласымен қоса «Қазақстан халқы» денсаулық сақтау саласын да дамытуға белсене атсалысуда. Қор есебінен 20 бала Қазақстан емдей алмағандықтан шетелде емделді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 128 балаға қан тамырлары патологиясын емдеуге көмек көрсетілді.

«Облыстың 28 медициналық мекемесі 373 млн теңгеге офтальмологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Солтүстік Қазақстан облысында көру қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін құрал-жабдықтар көпсалалы облыстық ауруханаға қойылды. Мүйізді қабықты шұғыл трансплантациялауды қажет ететін 45 ота жасалды. Барлығы 304 науқасқа ота жасау жоспарлануда», — деді Болат Жәмішев.

Спорт саласында да жобалар жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерде қор есебінен спорт залдар жабдықталды. Енді жергілікті тұрғындар басқа ауылдарға кетпей-ақ, спортты дамыта алады. Биыл да жұмыс жалғасады, биыл тағы 76 залды жабдықтау жоспарда бар. Оған қоса, 80 ангар типті құрастырмалы спорт алаңдарын салу көзделген.

 

 

Shares