Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Рөлге ие бола алмаған: СҚО-да жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 33 жастағы жүргізуші қаза тапты

Рөлге ие бола алмаған: СҚО-да жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 33 жастағы жүргізуші қаза тапты

18 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы республикалық маңыздағы «Астана – Петропавл» автожолындағы Рублевка ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. СҚО ПД ақпар ұсынды. Алдын ала анықталғандай, «HOWO» жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмаған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ер адам жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы қарсы бағытта өз жолағымен келе жатқан «Volvo» жүк көлігімен жанасып соғылған.

“Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «HOWO» жүк көлігінің алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”,- делінген хабарламада.

Shares