Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » К. Сафин атындағы бокс мектебіне жаңа директор тағайындалды

К. Сафин атындағы бокс мектебіне жаңа директор тағайындалды

October 29, 2024 19:30

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтың бұйрығымен К. Сафин атындағы бокс мектебінің басшысы болып Антон Евгеньевич Лопатин тағайындалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Антон Евгеньевич 1983 жылы 6 маусымда Петропавл қаласында дүниеге келген. 2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2005-2013 жылдары Петропавл қаласының № 21 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы қызметін қоса атқарды. Ал 2013 жылдан бастап осы мектепте директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Shares