Уәлиханов ауданының әкімі Ризабек Айтмұханға 1 млн теңгенің сертификатын табыстады
Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті. Ол спортшыны керемет жеңісімен құттықтап, оған 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Ризабек Албанияның Тирана қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық балуанды жеңіп шыққан еді», – деп жазды Мұрат Абдулов өзінің Facebook парақшасында.
Еске сала кету керек, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарғаны белгілі.