Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Петропавлда жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2023 жылы Петропавлда ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 35 көше орташа және ағымдағы жөндеумен қамтылған. Бүгінгі таңда 32 көшеде жұмыс толығымен немесе жартылай аяқталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сонымен қатар, орта жөндеудің екінші кезеңін жүзеге асыру келесідей көшелерде басталды: Интернационал, Сүтішев, Горький, Сосновая, Прибрежная, Прохладная, Партизан, Сәтпаев, Болашақ, Жамбыл Жабаев, Болатбаев, Гашек, Театральная көшелерінде. Қала әкімдігі атап өткендей, бұл жобалар – екі жылдық.

Бүгінгі күні Брусиловский көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Интернационал, Назарбаев, Театральная көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.

 

Shares