«Айдзю-Қызылжар» брендіндегі астықтың алғашқы партиясы СҚО-данҚытайға жөнелтілді.
Солтүстік Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясынан жұмыс сапарымен делегация келді. Екіжақты ынтымақтастық аясында Тайынша ауданында кездесу өтіп, онда қарым-қатынасты одан әрі нығайту, инвестиция тарту жоспарлары мен өңіріміздің әлеуеті талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ынтымақтастық аясында «Айдзю-Қызылжар» брендіндегі қазақстандық астықтың бірінші партиясы жөнелтілді. Тауар көлемі 1600 тоннаны құрады. «Memolux» ЖШС Қытай Халық Республикасымен 2016 жылдан бері жұмыс істейды. Серіктестік бидайды кептіру, қабылдау, өңдеу және жөнелтумен айналысады. Биылғы жылы аспан асты еліне 100 мың тоннаға жуық бидай жеткізу жоспарлануда. Бренд өнімдері жоғары сапасымен және экологиялық тазалығымен ерекшеленеді.
«Әрине, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға мүдделіміз. Қалталы азаматтарға инженерлік инфрақұрылымға қатысты көмек ұсынамыз және әрдайым Қытай инвестициясын басымдық ретінде қарастырамыз. Біз жақсы қарым-қатынаста болғанымыз үшін қуанышытымыз. Және бұл келісім біздің өзара іс-қимылымызды одан әрі нығайтады. Өнімді өткізудің болашағы зор деп ойлаймын. Майға келетін болсақ, 10 жылда бір ғана Солтүстік Қазақстан облысынан 50 мың тоннаға жуық май жеткізе аламыз деп ойлаймын. Ал астықты миллион тоннаға дейінгі көлемде Қытай нарығына еш қиналмай жеткізе аламыз. Орталық Азияның нарығы шектеулі, біз Қытай нарығына қызығушылық танытып отырмыз», – деді СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов.