Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Петропавлдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында болды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Петропавлдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында болды

СҚО-ға «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қор әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Биыл мектеп-интернатқа жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды, бұл балалардың болашақта жақсы оқып, қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Қазір мұнда барлығы 92 бала білім алуда.

«Қазір бізде форте сыныбы бар. Бұл – бала оң және сол құлағын реттей алатын ерекше сынып. Егер бұрын оқу процесінде әрбір бала тек мұғалімді естісе, енді барлық балалар мұғалімді де, бір-бірін де ести алады. Сосын еңбек сабағына арналған ер балаларды оқытатын ағаш шеберханасын аштық. Әрине, биыл алғанымыздың бәрі өте қажет, бұған дейінгі құрал-жабдықтарымыз ескірген, бұл ең озығы», – дейді есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының директоры Жеңіс Әбілмәжінов.

Ерекше балаларға арналған мектептерді жабдықтау жобасы ел бойынша 98 білім беру нысанын қамтиды. Өткен жылы 30-дан астамы жабдықталса, 2023 жылы қалғаны жабдықталды. Мектептерде жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді, бірақ жоғары тиімділік үшін заманауи жабдық қажет.

«Біз жеткізген жабдықтың шынымен керек екендігі, бұл шынымен де көмектесетіндігі жайлы мұғалімдердің пікірін есту біз үшін қуаныш. Бізге бүгін жабдықтар көрсетілді. Ұстаздармен бүгінгі әңгімеміз өте көңілге қонымды болды. Балаларымызға көмектесе алатындығымызға қуаныштымыз», – деп түйіндеді сөзін «Қазақстан халқы» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев.

 

Shares