Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы ерлер колониясына есірткі кіргізілмек болды

Петропавлдағы ерлер колониясына есірткі кіргізілмек болды

Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, сотталғандардың туыстары мен жақындары тыйым салынған заттарды ерлер колониясының аумағына өткізуге әрекеттенуде. Кезекті сәлемдеменің бірінен есірткі табылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ерлер колониясының қызметкерлері сотталғандардың біріне келген сәлемдемені тексеру кезінде темекі орамына салынған қара-қоңыр түсті өсімдік тектес зат тапты. Ол сараптамаға жіберілді. Көп кешікпек заттың апиын екені растады.

«Қазіргі таңда жөнелтушіге қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деді департамен өкілдері.

СҚО бойынша ҚАЖД тыйым салынған заттарды беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Shares