СҚО-ның жас тхэквондошылары Ташкентте өткен жарыста жүлделі болды
4-8 қараша аралығында Ташкентте Taekwondo ITF бойынша Әлем кубогы мен халықаралық жарыстар өтті. Жарысқа ерлер мен әйелдер, сондай-ақ, жасөспірім ұл-қыздар қатысты. Барлығы 1159 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Спорттық іс-шаралар «формальды кешен», «формальды кешен – топ», «салмақ санаты», «спарринг – командалық жарыстар» бағыты бойынша өтті. ҚР намысын 46 спортшы қорғады, 5 бала Солтүстік Қазақстан облысынан барды.
Зейнулин Бексұлтан 14-15 жас аралығында 50 кг салмақ дәрежесінде өткен спарингте 3-орынды иеленді, 1 дан, Әсет Мұхамбетов 10-11 жас аралығындағы категорияда тули бөлімінде күміс еншіледі, 1 дан санатында 3-орынды иеленді, Анна Салахутдинова 12-13 жас аралығындағы спортшылар арасында 60 кг-ға дейінгі салмақта (1-2 Grape) 1-орынды иеленді. Полина Васильева 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 14-15 жастағы спортшылар арасындағы спаррингте 3-орынды қанжығалады, 1 дан мен тули бөлімінде 3-орынды еншіледі., Роман Труков 14-15 жастағы спортшылар арасында спаррингте 2-орынды (6-5 Grape) иеленді.