Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады.

СҚО полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады.

Солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру мәселелері мен жаңашылдықтар енгізуге баса назар аударылуда. Бұл полиция қызметінде де қолға алынған. Тәртіп сақшылары жол жүрісі қағидаларын автоматты тіркеу жүйелерін, бейнебақылау камераларын, кеудеге тағылатын тіркегіштерді белсенді қолданып келеді. Тергеушілер мен анықтаушылар қылмыстық істерді, ал учаскелік полиция инспекторлары хаттамаларды электрондық форматта жүргізеді. Полицейлердің міндеті – цифрландыруды адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде ұтымды пайдалану.

«Заманауи полицейлер қатаң тәртібімен, жоғары кәсібилігімен және мәдениетімен ерекшеленуі тиіс. Бұл қасиеттерге қызметтегі жеке құрам мен жас қызметкерлер ие болуы қажет. Барлығына ортақ мақсат – заң мен қоғамдық тәртіпті, адамдар арасындағы мәдениетті, жауапкершілік пен ынтымақтастықты мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету»,- деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.

Shares