Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Үстел теннисінен облыстық чемпионатқа 50 ұл-қыз қатысып жатыр

Үстел теннисінен облыстық чемпионатқа 50 ұл-қыз қатысып жатыр

Петропавлда үстел теннисінен 2012-2013 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат басталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жарыс жаңа үстел теннисі орталығында өтіп жатыр. Үш күнге шақталған жарыста 50 спортшы жүлдеге таласады.

«Чемпионатқа Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласынан балалар қатысуға ниет еткен. Бірінші күні командалық жарыс өтсе, екінші күні жеке ойын, үшінші күні ойыншылар жұптық жарыста бақ сынайды. Жарысқа қатысушылардың кейбірі бұл спорт түрімен 3 жыл шұғылданып келсе, кейбірі 5 жыл жаттығады», – дейді чемпионаттың бас төрешісі Анастасия Конюшко.

Чемпионатқа қатысуға 11 жасар Валерия Гречнева Қызылжар ауданы, Соколовка ауылынан келіп отыр. Спортшы бұған дейін де еліміздің бас қалаларында өткен жарыстарға қатысқан. Спорттың бұл түрінде тәжірибесі бар.

«Астана мен Алматыда өткен жарыстарға қатыстым. Мен сол жарыстарға тағы барып, жеңіске жеткім келеді. Үстел теннисімен айналысқаныма екі жыл болды, бұл спорт түрінеәкем баулыды, саяхаттауға, жарыстарда жаңа адамдарды көруге мүмкіндігім болғаны ұнайды», – дейді Қызылжар ауданынан  чемпионатқа қатысушы Валерия Гречнева.

 

Shares