Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Семей полигонындағы ядролық сынақ құрбандарын еске алу шарасы өтті

Петропавлда Семей полигонындағы ядролық сынақ құрбандарын еске алу шарасы өтті

Семей ядролық полигоны – өзінің жойқын күші жағынан әлемде төртінші орында. Ол 1947 жылы тамызда ашылды. Бұл полигонда алғашқы ядролық сынақ 29 тамызда өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұрынғы Семей облысының бүкіл аумағы ядролық жарылыс қалдықтарымен ластанған, миллионнан астам адам әртүрлі радиациялық әсерге ұшыраған. Жалпы, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтірілген залал орасан зор болды. Полигонды жабу мүмкіндігі 1991 жылдың 29 тамызында туындады. Ал 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды. 26 мемлекет оны бірден қолдады.

Бүгін облыс орталығында көпшілік сынақтан жапа шеккендерді еске алды. Ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсіміне түрлі қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, Қазақстанның ядросыз саясатын насихаттауға үлес қосып жүргендер қатысты. Бұл күні еңбегімен көзге түскендер Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Мұндай шаралар сол қасіретті күндерді, сынақтардан кейін болған зардаптарды естен шығармауға көмектеседі. Бұл жағдай енді қайталанбайды деп үміттену керек.

 

Shares