Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Спорттық акробатикадан үш күнге созылатын ҚР Кубогына 170 жас спортшы қатысуда

Спорттық акробатикадан үш күнге созылатын ҚР Кубогына 170 жас спортшы қатысуда

Петропавлда демалыс күндері  спорттық акробатикадан жастар арасында ҚР Кубогы басталды. Үш күнге шақталған жарыста 12 мен 19 жас аралығындағы спортшылар өнер көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Жарыс 5 санат бойынша өтеді: әйелдер жұптары, аралас, ерлер, әйелдер топтары және ерлер топтары. Жеңімпаз әр жас санатында анықталады. Қарағанды, Алматы, Петропавл қалалары әдетте спорттық акробатикадан жақсы нәтиже көрсетеді. Жарыс күндері кімнің мықты екенін көре жатармыз.», – дейді жарыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.

Спорттық додаға Қазақстанның әр өңірінен 170 акробат қатысып жатыр. Ең мықты спортшылар мақтау қағаздары мен медальдармен марапатталады.

«Мен Алматыданмын. Мен 12 жастамын, акробатикамен айналысқаныма 8 жыл болды. Менің өзімнің өнер көрсеткенім көңілімнен шықты. Бұл менің алғашқы жарысым. Екі аптаның ішінде үш композиция дайындап үлгердік», – дейді спорттық акробатикадан жастар арасындағы ҚР кубогының қатысушысы Милана Рузиева.

 

Shares