Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр

Петропавлда дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр

Петропавлда дендрологиялық жоспар әзірленуде. Онда қаладағы әрбір ағаш туралы толық ақпарат болады. Жаңашылдықтың жобасы аумақты абаттандыру жұмыстарын жеделдетіп, барлық жұмыстарды дұрыс жүргізу тәртібін бекітеді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Жоспарды тәжірибелі мамандар әзірлеуде. Дендрологтар егілген жасыл желекті санитарлық және патологиялық тұрғыда бағалайды, ықтимал зақымдану себептерін анықтайды.

«Сауалнама нәтижелері бойынша қажетті санитарлық-сауықтыру шаралары белгіленді. Содан кейін барлық деректер бірыңғай базаға енгізіледі, ол әрбір азаматқа қолжетімді болады», – деп хабарлайды қала әкімдігі.

 

Shares