М.Жұмабаев ауданында облыстағы ең ірі сүт- тауарлы фермасының құрылысы жүріп жатыр
М.Жұмабаев ауданында жаңадан сүт-тауарлы фермаларының ашылуына байланысты мал басы көбеюде. Бұл туралы аудан басшысы Рахат Смағұлов журналистерге брифинг барысында айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Ауданда 5 ірі сүт кешені бар. Биыл кәсіпорындарды кеңейту бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. «НұрСен Агро» ЖШС, «Полудинское» ЖШС және «Ноғайбай» ЖШС 5 ферманың құрылысы жүргізіліп жатыр, 400 бас мал сатып алынады», – деді М.Жұмабаев ауданының әкім Рахат Смағұлов.
Ауданда несие және өз қаражаты есебінен «СК Агро 2050» ЖШС базасында жалпы құны 5 миллиард теңгеге жуық 3600 бас сауын сиырға арналған аудандағы ең ірі сүт-тауарлы фермасының құрылысы басталды. Болашақта бұл шаруашылықта 10 мыңға дейін мал бағылмақ.
«Келесі жылы тағы 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланып отыр. Ауданда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасады», – деді аудан әкімі Рахат Смағұлов.