Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Арманын жүзеге асырды: петропавлдық алыс қашықтыққа жүзу үшін қайық жасап шығарды

Арманын жүзеге асырды: петропавлдық алыс қашықтыққа жүзу үшін қайық жасап шығарды

Екі күн бұрын әлеуметтік желілерде Интернационал көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдің бесінші қабатынан алып қайықтың түсіріліп жатқаны туралы видео тараған болатын. Көптеген пайдаланушылар оның пәтерде қалай пайда болғанын және біреудің кеме салғанын жазып әзілдеді. Бұл оқиғаның анық-қанығы анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қызу талқыға түскен қайықтың иесі – Евгений. Үлкен жүзу құралын ол 2000 жылдан құрастыра бастаған. Оның көмегімен азамат теңіз саяхатына шығуды армандайды. Қайықтың Евгений өз туған күні қарсаңында шығаруға шешім қабылдаған. Бірақ оны түсіру үшін кранның көмегі қажет болыпты. Енді шебердің алдында үлкен міндет тұр. Ол құрылысты аяқтап, қайықты сынақтан өткізуі керек.

Бұл қайық жай азаматтың әуесқойлығы мен құмарлығының символына айналды. Әлеуметтік желідегі пайдаланушылар жерлесіміздің жобасына бей-жай қарай алмапты.

«Жай ғана өтіп бара жатқам, әсерлі көріністің куәсі болдым. Керемет қайық», «Жарайсың, азамат».

«Арманды орындау үшін ешқандай сылтаулар мен шекаралар жоқ екендігінің үлкен айғағы! Евгений сүйікті ісінен бас тартпай, соңына дейін жеткізді», – деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

Айтпақшы, азамат өз жұмысын «Славия 2000» деп атады.

 

Shares