Сот Петропавл тұрғынына грантта оқығаны үшін ақшаны қайтаруды міндеттеді
Петропавл тұрғыны мәселені шешуге көмектесу үшін «Аmanat» партиясының облыстық филиалына жүгінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Кристина Эрейзер 2016 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Кристина университетке грантқа түсті, бірақ белгісіз себептермен ол ауылдық квота бойынша оқуға қабылданыпты. Университетті бітіргеннен кейін мемлекеттік қаражатты өтеу ретінде ол ауылда біраз уақыт жұмыс істеуге міндеттелген.
«Біраз уақыттан кейін жалақының төмен болуына және еңбек жағдайларының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты мен Петропавлдың коммуналдық кәсіпорындарының біріне жұмысқа бардым. Кейінірек, ол жерге жұмысқа орналасуға менің құқығым жоқ екені белгілі болды. Мен келісімге сәйкес ауылда жұмыс істеуім керек еді. Алайда, біздің шартта мұндай шара жазылмаған. Соған қарамастан сот мені барлық оқу шығындарын өтеуге міндеттеді», – деді азаматша.
Бүгінгі таңда Кристина миллион теңгеден астам төледі. Осыған қарамастан, ол сот шешімімен келіспейді. Қабылдауды өткізген «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ өкілі Алтын би Бесембаева, облыстық мәслихат депутаты Юлия Пронина және заңгер Наталья Гакельберг жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта бастау туралы прокуратураға өтініш жасауға көмектесті.