Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғыны мас күйінде «әлеуметтік желі жұлдызына» айналды

Петропавл тұрғыны мас күйінде «әлеуметтік желі жұлдызына» айналды

Жақында жол бойында отырған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Полицейлер жедел әрекет етіп, «қаһарман» петропавлдықты анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мән-жайды анықтау барысында Петропавл қалалық ПБ қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша азамат орташа дәрежедегі мас күйінде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу» негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Shares