Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » М.Жұмабаев ауданында жеке тұрғын үй өртенді

М.Жұмабаев ауданында жеке тұрғын үй өртенді

М.Жұмабаев ауданына қарасты Медвежка ауылында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, газ баллонын шығарып, апаттың алдын алды.

«Өрт 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Үйдің төбесі мен шатыры зақымданған. Өрттің шығуына қараусыз қалдырылған және қосылған үтік себеп болған. Электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыздар. Бұл сіздердің өмірлеріңізге қауіпті», – делінген Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Shares