Петропавлда электр желісінің қысқа тұйықталуынан көлік өртенді
Петропавлда «Ауди А4» автокөлігі автотұрақта өртке оранды. Өрт салдарынан қозғалтқыш бөлігі зақымданды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған.