Солтүстік Қазақстан облысында ЖКО салдарынан 28 адам қаза тапты
Ағымдағы жылдың 8 айында Солтүстік Қазақстан облысында 225 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 28 адам қаза тапты, 327 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
ӨКҚ алаңында өткен брифингіде жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері айтылды. Олар: қиылыстардан өту ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзу.
Ағымдағы жылдың басынан облыста 18 жедел-профилактикалық іс-шара мен науқан жүргізілді. Осы тексерулер барысында тәртіп сақшылары 47 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаса, оның 43 мыңға жуығы жүргізушілердің кінәсінен болған.