Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ашуға булыққан әке жаңа туған қызын терезеден лақтырмақ болды

Петропавлда ашуға булыққан әке жаңа туған қызын терезеден лақтырмақ болды

20 қыркүйек күні кешкілік Петропавл қаласының полиция басқармасына Маяковский, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келген. СҚО ПД өкілдері хабарлағандай, бірлескен құтқару операциясын өткізу барысында ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке еніпті. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң, ішке СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірген.

“2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді. Ұсталған азамат – СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, масаң күйде болған. Анықталғандай, өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болған. Нәтижесінде ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”,- делінді хабарламада.

 

Shares